Инфрақұрылымның дамуы

Универсиада-2017 нысандары белгіленген мерзімінен бұрын берілетін болады

Алматыда Универсиадаға және Атлеттер ауылына қатысты салынып жатқан нысандар мерзімінен бұрын берілетін болады, оған дәлел ретінде бүгін 12 мың орынды Мұз аренасының кіші аренасының (жайма мұз айдыны), жаңа бассейннің, түрлі бизнес- мүмкіндіктердің тұсаукесері өтті, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 30 Желтоксан, 18:27

Аталған шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, спортшылар, бизнесмендер, журналистер, блогерлер және басқалары қатысты.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017 жылы өтетін Универсиадағы қатысты Алатау ауданында 12 мың орынды нысан және 5 мың орынды Атлеттер ауылы, ал Медеу ауданында 3 мың орынды құрылыс  салынуда. Бұл нысандардың барлығы біздің қаламыздың мәртебесін қысқы  спорт ойындарының мегаполисі ретінде жаңа әрі жоғары деңгейге көтеретін болады. Бүгінгі тұсаукесер –  осы абыройлы  жолдағы алғашқы қадам. Универсиада  ҚР-ының тәуелсіздік жылдарындағы  халықаралық ірі спорттық шара болып табылады. Нысандар құрылысы мерзімінен бұрын салынып жатыр,  сондықтан мен барлық құрылысшыларды  ерен еңбектерімен құттықтаймын. Барлық нысандар халықаралық деңгейдегі ғимараттар болып саналады», -  деп атап өтті Б.Байбек.

Мұз  сарайы -  2017 жылы өтетін Универсиаданың ең ірі спорт нысаны. Мұнда екі арена болады- негізгісі 12 мың орынды, ал  кішісі 475 орынды. Кіші аренада бокс, күрес, стол теннисі, хореография, акробатика, екі жаттығу залдары мен  медициналық қалпына келтіру орталығы және басқалары орналасады. Универсиада кезінде  басты аренада жарыстың ашылу және жабылу  салтанаттары, мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді. Кіші аренада  керлингтен  сайыс  болады.  Мұз сарайының бас мердігері - «Базис» құрылыс компаниясы.

2016 жылдың  қыркүйегінде Қазақстан үшін мәні зор спорт нысандары іске қосылады  деп жоспарлануда, олар: Алатау ауданындағы 12 мың орынды Мұз сарайы, 5 мың тұрғынға арналған Атлеттер ауылы, Медеу ауданындағы 3 мың орынды Мұз аренасы. Нысандар құрылысы белгіленген кестеден  120 күнге озық салынуда.Құрылысқа негізінен жергілікті  материалдардың 50 пайыздан астамы пайдаланылуда.

Универсиада нысандарының барлығы жарыстар аяқталған соң көпшіліктің игілігіне толық қызмет ететін болады. Салынып  жатқан екі мұз ареналарының  жобасы оларды  кейін  волейбол, баскетбол, мини-футбол алаңдары ретінде пайдалануға болатындай етіп жасалған.  Үлкен концерттер өткізу үшін заманауи сахналық дыбыс пен жарық  көздері де қарастырылған.





Яндекс.Метрика