Өңірлер

Жекешелендіру барысында облыстық бюджеттер 2 922 млн. теңгеге толықты – Қаржы министрлігі

Қазақстанда 2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 490 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 424 объекті шығарылды, оның ішінде 235 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 12, коммуналдық меншік бойынша - 112, ӘКК - 61, холдингтер бойынша – 50, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
Казахстан30 Желтоксан , 18:49

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке  4 949 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 922 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 964 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша  40 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 12 объекті сатылды.

Ал, коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 490 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде  28 желтоқсандағы жағдайы бойынша 219 объекті шығарылды, соның ішінде  112 объекті сатылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 85 объекті сатуға қойылды, 61 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесіне сай 131 объекті жекешелендіруге жатады, 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша жоспарланған 111 объектінің 93 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.




Яндекс.Метрика