Инвестициялар

2015 жылы ОҚО-ның Ордабасы ауданына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 21 млрд теңгеден асты

Ордабасы ауданында 2015 жылы Индустрияландыру картасына 11 жоба енгізіліп, индикатор 100% орындалды. Сонымен қатар, карта шеңберінде 2 жоба іске қосылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 18:06

Ауданда өндірістік кәсіпорындарды индустирияландыру аясында 2 индустриалды аймақ ашылды. Оның бірі «Шұбар» индустриялды аймағы. Аумағы 93 га құрайтын аймақта алдағы уақытта 7 жоба іске асатын болады. Екіншісі аумағы 50 гектар болатын «Қазақ-түрік» индустриалды аймағы. Мұнда жалпы құны 12 млрд. 899,2 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданған.

Бүгінде Ордабасы ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субьектілер саны 8619 бірлікті құрайды. Олар ашқан кәсіпорындарда жыл басынан бері 19 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтасыз етіп отыр.

Ал, ауданға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 21 млрд. 788 млн. 384 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. .




Яндекс.Метрика