Адами капитал

2015 жылдың қорытындысы: Қызылорда облысында 190 кәсіпкердің 1 млрд 50 млн теңгеге құқығы қорғалды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жылды табысты қорытындылауда. Палата заңгерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында 190 кәсіпкердің құқығы қорғалып, кәсіпкерлердің 1 млрд.50 млн.теңгесін сақтап қала алды, деп аймақ әкімдігі хабарлады.
Қызылорда30 Желтоксан , 17:21

Жыл басында барлық ауданда ашылған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері 7157 кәсіпкерге 15156 қызмет көрсетті. Сонымен бірге, кеңесшілердің сүйемелдеуімен жалпы құны 683,8 млн.теңге болатын 117 жоба қаржыландырылды.    

«Осы ретте, жыл көлемінде атқарған жұмыстардың қорытындысымен Өңірлік кеңестің бірқатар мүшелері мен Палата қызметкерлері түрлі деңгейде марапатталды», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика