Өңірлер

2015 жылдың қорытындысы: Түлкібас ауданының шаруалары 2 мың тонна алма жинады

Жыл басынан бері Түлкібас ауданының шаруалары 2 мың тонна алма жинады, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 19:28

Жыл өткен сайын еліміздің дамуымен бірге Түлкібас ауданында ел игілігі жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Көгілдір отын мен ауыз су мәселелері оң шешімін тапқан ауданда 2015 жылы кәсіпкерлік, білім, ауыл шаруашылығы, туризм салалары қарқынды түрде дамыды.

Елбасы Н. Назарбаевтың «әрбір өңір басшысы елімізге инвестиция тартып, жұмыс орындарын ашсын» деген тапсырмасына орай, аудан әкімі Қ.Абдуалиев Польша мен Түркия елдеріне жұмыс сапарымен барып қайтқан болатын.

Нәтижесінде, Польша мен Қазақстан арасында өнімді алма бақтарын құру туралы меморандум түзіліп, бүгінде Түлкібас ауданындағы 500 гектарға алма ағашы отырғызылды. Осылайша, аудандағы 2300 гектар алма бауы ұлғайып, көлемі 2800 гектарға жетті. Аудандағы өнім беретін алма бақтарынан түлкібастық шаруалар 2 мың тоннаға жуық жеміс жинаған.

Жыл қорытындысына сай, кәсіпкерлікті қолдау бойынша екінші деңгейлі үздік әкімдік аталымына ие болған Түлкібас аудандық әкімдігінің жүйелі жұмыстарының арқасында өтіп бара жатқан жылда мұнда 4 кәсіпорын іске қосылды. Атап айтсақ, олар - түрлі нан өнімдерін шығаратын «Түлкібас нан», 6 түрлі сусын шығаратын «Кристал-су», алма өнімдерінен сусындар шығаратын «Арсен-ас» және «Бәйтерек-4» кәсіпорындары.

Табиғаты тамаша аймаққа келуші туристер саны да артып келеді. Осы жылы тау бөктерінде орналасқан «Таң нұры» демалыс аймағында саумалмен емдеу-сауықтыру орталығы және таза бұлақ бойларынан екі демалыс аймағы ашылып, туризм мен кәсіпкерліктің дамуына жол ашты.

Аудандағы шағын және орта бизнестің өкілдері табыс кілтін өзге де салалардан іздестіріп, теңіздің ащы суында өмір сүретін бекіре балығын бұлақ суында өсіріп, алғашқы уылдырығын сатылымға шығара бастады.




Яндекс.Метрика