Ұлтаралық бірлік

2015 жылдың қорытындысы: «ҚХА – 20 игі іс» жобасы аясында 355 753 адамға көмек көрсетілді

ҚХА жылы Қайырымдылық жылы болды. «Тайқазан. ҚХА – 20 игі іс» жобасы аясында 6953 іс-шара өткізіліп, 355 753 адам1 млрд. 790 млн. теңге көлемінде көмек алды.
Астана қаласы30 Желтоксан , 19:42

«Қамкор» акциясының барысында ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған отбасыларға 413 млн. теңге сомасына көмек көрсетілді. «Менің Қазақстаным» поезі» акциясына 920 мыңнан астам азамат қатысып, 50 мыңнан астам адамғамедициналық жәрдем көрсетілді. «Мейірімділіктен - бірлікке» акциясының аясында қан онкологиясына ұшыраған 300-ден астам бала 41 млн. теңгеге көмек алды», - деп хабарлады ҚХА-ның баспасөз қызметі.

Ал, 27 қарашада 1 200-ден астам адам қатысқан  Қайырымгерлердің бірінші съезінде қайырымдылық жұмысының қорытындысы шығарылып, онда республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы бастау алды.

«ҚХА жылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына этностардың белсене қатысқан жылы болды. Ассамблея этномәдени бірлестіктер арасында «Мейірімділіктен - бірлікке» ең үздік әлеуметтік жобасына,  «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» ең үздік инновациялық жобасына, еңбек әулеттері арасында «Армандаған мамандық» жобасына  конкурстар өткізді», - деп Ассмаблеядан атап өтті.

Сонымен қатар, Ассамблея жылы қазақстандық этностар үшін мемлекеттік тілді игеру жылы болды. «Мың бала» жалпыұлттық мәдени-ағатушылық жобасы аясында 235 мыңнан астам бала қамтылған 7863 іс-шара өткізілді. 44 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді оқып-үйренді. 




Яндекс.Метрика