Ұлтаралық бірлік

2015 жылдың қорытындысы: Қазақстанда ҚХА жылы аясында 30 мыңнан астам іс-шара өткізілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ҚХА жылының іс-шараларын ұйымдастырып, өткізуге елдің барлық азаматтарын, азаматтық қоғам институттарын, барлық меншік нысанындағы мекемелерді, мемлекеттік органдарды тарту қамтамасыз етілді. Елдің 5426 елді мекенінде небары 9 миллионнан астам адам қатысқан 30 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Барлық қалаларда, облыс және аудан орталықтарында, шалғай ауылдарда ҚХА жылының жалауы бір мезгілде көтерілді.
Астана қаласы30 Желтоксан , 15:53

«ҚХА жылы жалпыұлттық тарихи сананы нығайту жылы болды. Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу күніне арналған «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумы, «Қаһармандықтың мәңгілік ғибраты», «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» жобалары іске асырылды, «Жеңіс жалыны» үштомдығы шығарылды», - деп ҚХА-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Республика бойынша ҚХА-ның 1722 қоғамдық кеңесі құрылды. Олар 3336 іс-шара өткізіп, олардың барысында түрлі бағыттар бойынша халықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде шаралар қабылданды. Аналар кеңестерінің саны бес есе (163-тен 823-ке дейін) көбейді. 10 өңірде Достық үйлерінің жанында Медиация кабинеттері ашылды. 

ҚХА жылы аясында шетелде ҚХА-ның ірі 7 іс-шарасы, ҚР-да 10 халықаралық іс-шарасы, ҚХА хатшылығында 11 халықаралық кездесу болды, 24 елдің өкілі біздің тәжірибемізді сұрап, өтініш жасады, ҚХА-ның іс-шараларына 39 халықаралық сарапшы қатысты.

Ресей халықтары Ассамблеясымен келісім жасалып, Лондондағы бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық орталығымен өзара түсіністік меморандумына, Испанияның Бейбітшілік пен дау-жанжалдар институтымен медиация мәселелері бойынша ниет хаттамасына қол қойылды. 

Анар Тәңірқұлова

Фото Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика