Қалаларға шоғырлану

Астанада травматикалық қаруды тапсыру бойынша акция аяқталды

Астанада ішкі істер органдарының қару-жарақты сақтауға және алып жүруге тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан оқ ататын оқпансыз қаруды, травматикалық әрекеттегі оқ ату мүмкіндігіне ие газ қаруын өз еркімен ақылы түрде тапсыру акциясы аяқталды. Аталған шара жыл бойы өткізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы30 Желтоксан , 15:36

«Қазіргі кезде тұрғындар қарудың 3942 бірлігін тапсырған, соның ішінде оқпансыз травматикалық қару - 1474, газ-травматикалық қару - 2468 бірлік. Қаруды өз еркімен тапсырғандарға оның түріне қарай әрбір бірлігіне ақшалай қаржы беру қарастырылған», - делінген хабарламада.

Елорданың 2565 тұрғынына 166 млн. теңгеден астам сыйақы төленді. Аталған акция бойынша кредиторлық қарызды өтеу сомасы республикалық бюджеттен қосымша қаржының бөлінуіне қарай төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытылы тапсырмаған қару иелері ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, бұл бап бойынша екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшрінде айыппұл төлеу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.




Яндекс.Метрика