Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ШҚО-да жолдарды қардан тазарту үшін қосымша техника жіберілді (ФОТО)

ШҚО-да аймақ басшысы Даниял Ахметов облыстағы автокөлік жолдары бойынша жиналыс өткізді. Жиын барысында облыс әкімі жол тазалау техника санын көбейтіп, құтқару шараларына жұмылдырылған адамдардың қатарын арттыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Шығыс Қазақстан 30 Желтоксан, 20:13

ШҚО-ның барлық жол жасақтау бөлімдері тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеу үстінде. Бүгінгі таңда ауа-райы жағдайына байланысты аймақта 35 автокөлік жолдары жабық. Соңғы күндері қарлы бораннан 932 адам құтқарылып, 206 техника құралдары тұрғындарды елді мекендерге дейін жеткізді.

Бородулиха, Көкпекті, Ұлан, Жарма аудандарында табиғат жағдайына байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

Облыс бойынша республикалық маңызы бар жолдарға 157, облыстық деңгейге 92, қала және ауданаралық жолдарға 607 техника құралдары жұмылдырылды.

Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы қар тазалау жұмыстарына барынша техника санын артттыруға, жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар табиғат жағдайына байланысты апатты жерлерде медициналық қызметтердің кезекшілігі де болу қажеттілігі айтылды.





Яндекс.Метрика