Өңірлер

«Қазпочта»АҚ-ның Солтүстік Қазақстандағы филиалының құрылымдық бөлімдеріне 14 машинаның кілті табыс етілді

«Қазпочта»АҚ-ның Солтүстік Қазақстандағы филиалының құрылымдық бөлімдеріне 14 автокөліктің кілті табыс етілді, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 12:19

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Қазпочта қызметкерлеріне қызметте табыс тілеп, бүгінгі заманауи технологиялар заманында олардың қызметі өзінің өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.

«Автокөліктердің кілтін аудандық бөлімшелер алды. Ендігі кезекте бұл қызметтің жылдамдығын, жүктердің аман есен жеткізілуін қамтамасыз етеді деген  ойдамыз», - деді Е. Сұлтанов.

Бұл күні 14 автомобильдің кілтін Айыртау, Аққайын, Ақжар, Есіл, Мамлют,  Уалиханов аудандарының пошта байланыстары, сонымен қатар  М. Жұмабаева, Шал ақын аудандарындағы пошта қызметі мен облыстық арнайы байланыс қызметі алды. 




Яндекс.Метрика