Өңірлер

Павлодар облысында 3 жылда мемлекеттік меншікке 320 мың га жер қайтарылды

Облыстық әкімдікте аппараттық отырыс өткізіліп, оған қатысқандар елді мекендердегі және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді түгендеу, сондай-ақ Павлодар облысының елді мекендерін қала құрылысының құжаттамасымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Павлодар30 Желтоксан , 11:37

Жер қатынастары және инспекциясы басқармасының басшысы А. Сәрсекеев берген ақпарат бойынша, өткізілген үш жылғы түгендеу қорытындысы бойынша облыс бойынша 4,3 млн.га жер тексерілген, 587 мың га пайданылмай тұрған жер анықталған, 552,3 мың га жерде немесе 94,1%-ында жұмыстар аяқталған. Олардың ішінде: бұрын қабылданған қаулылардың күшін жою және жалға беру келісімшарттарын бұзу арқылы 320 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды;  232,3 мың га жер пайдаланыла бастады.

« Жер инспекциясы 34,7 мың га (5,6%) жер бойынша жер жөніндегі заңнаманы бұзуды түзету туралы өкім шығарды. 2012-2015 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы айналымына 1,8 млн. га жер енгізілді, олардың ішінде 387,4 мың га өткізілген 35 конкурс қорытындысы бойынша және саудадан тыс 152,9 мың га», - деді ол.

Сала маманының айтуынша, ауыл шаруашылығына арналған жерлерге жер салығының жаңа базалық мөлшерлемесі бойынша жалгерлік ақыны сәйкестендіру бойынша жұмыс ұйымдастырылып, атқарылды. Егер бұрын жасалған келісішарттар бойынша жалгерлік ақы сомасы 10,8 млн. теңгені құраса, жаңа келісішарттар бойынша 54,7 млн. теңге, яғни бюджетке 43 млн. теңгеден астам қосымша қаражат түседі. Бұл жұмыс ағымдағы жылғы 1 желтоқсанда облыс бойынша 93% атқарылды.

Бұдан басқа, салық салу мақсатында жерлерді аймақтарға бөлудің жаңа үлгісі әзірленді. Осыған байланысты облыс қалалары мен аудандарында жер телімдері жөніндегі келісімшарттарды қайта жасасу бойынша жұмыс жүргізілді.

Жалпы, 2015 жылғы 1 желтоқсанға жерді пайдалану үшін төленетін ақы түсімі 4 млрд. 318 млн. теңгені (немесе өткен жылға 120%) құрайды, олардың ішінде жалға алу үшін төленетін төлем 2 млрд. 459 млн. теңге (өткен жылға 127%), сондай-ақ жер салығы 1 млрд. 859 млн. теңге.

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, бұл мәселені талқылау қорытындысы бойынша аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Павлодар, Баянауыл және Ертіс аудандарының әкімдеріне 2016 жылғы 1 наурызға дейін ауылдарды дамыту үлгісін әзірлеу ісін қаржыландыру мәселесін шешуді, келесі жылдың соңына дейін қалған 12 елді мекенді қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте жер телімдерін мемлекет қажеттілігіне сақтау жұмысын жалғастыру және бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында оларды саудаға салу арқылы сату тапсырылды. Интернет ресурстарда, арнайы ақпарат тақтайларында, халыққа қолжетімді жерлерге бас жоспарлардың бекітілген сызбалары, егжей-тегжейлі жоспарлары және инженерлік коммуникация сызбалары туралы ақпарат орналастырылуы қажет.




Яндекс.Метрика