Өңірлер

2015 жылдың қорытындысы: Сайрамдық диқандар 200 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинап алды

Сайрам ауданының шаруалары аудан тұрғындары мен облыс халқын мал және егістік өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған аудандардың бірі. Бұл ауданның диқандары қажырлы еңбегінің арқасында 11 айдың қорытындысы бойынша 35 860 тонна дәнді-дақыл жинап, орташа есеппен әр гектарынан 22 центнерден өнім алды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 20:41

Сондай-ақ, жергілікті диқандар 108 мың тонна көкөніс (қияр, қызынақ, пияз, қырыққабат, сәбіз, болгар бұрышы) өнімдерін жинаса, 47 мың тонна картоп, 2760 тонна жеміс-жидек, 3200 тонна жүзім, 1541 тонна бақша дақылдарын алған. Ал, жиналған мал азығының көлемі 208 мың тоннадан асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 500 тоннаға артық.

Осы жылы егіс алқаптарында еңбек етіп жүрген агроқұрылымдарға жеңілдетілген бағамен 3144 тонна тыңайтқыш пен 1755 тонна жанар-жағармай берілді. Сонымен қатар, 2015 жылы аудан аумағында орналасқан 2945 агроқұрылымдар 264 млн. 125 теңге көлемінде субсидия алды. 




Яндекс.Метрика