Басқару

Ә.Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының инвестициялық ом¬будсмені болып Әсет Исе¬ке¬шев тағайын¬далды. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 сәйкес қаулысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойды.
Астана қаласы30 Желтоксан , 09:37

«2015 жылғы 29 қазандағы Қа­зақстан Республикасы Кәсіп­­­керлік кодексінің 314-ба­бына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Әсет Өрентайұлы Исе­ке­шев инвестициялық ом­будсмен болып тағайын­далсын.

2. «Инвестициялық ом­будс­менді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2015 жылғы 5 ақпан­дағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16-құжат)», - делінген құжат мәтінінде.

Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика