Инфрақұрылымның дамуы

Жамбыл облысындағы Ақермен ауылына табиғи газ қосылды

Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев Меркі ауданында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады әкімдік.
Жамбыл30 Желтоксан , 10:38

Жұмыс сапарын облыс әкiмi «Меркі асыл тұқымды қой зауыты» АҚ-ы «Агростан» ЖШС-нен бастады. Аймақ басшысына алдымен 5500 бас қой, 220 бас жылқы, 3000 бас ірі қара малға арналып соғылатын бордақылау алаңының жобасы таныстырылды.

Жобаның қуаттылығы – 9000 бас ірі қара малын бордақылау, жылына 2000 тонна ет өндіру. Құрылыс кезінде 200-ге жуық, ал жоба іске қосылған кезінде 50 шақты адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Мұнан кейін өңір басшысы Ақермен ауылындағы табиғи газдың іске қосу рәсіміне қатысты. 9,2 шақырым болатын газ құбырының жобалық құны 278,0 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асырған мердігер компания – «Ақбарыс Строй ЛТД».

Сонымен қатар облыс басшысы Кәрім Көкрекбаев бірқатар жаңадан ашылған білім беру нысандарындың жұмысымен танысты. Алдымен Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі № 7 орта мектепте болды. Аталған білім мекемесі ағымдағы жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Жобалық құны 700336,0 мың теңгені құрайды. 300 орындық мектеп заманауи жабдықпен жабдықталған.




Яндекс.Метрика