Адами капитал

ШҚО жастары зейнеткерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады (ФОТО)

ШҚО-ның белсенді жастары «Жан жылуы» акциясының аясында қалалық қарттар үйінде болып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Осымен үшінші жыл өткізіліп отырған акцияда медициналық колледж студенттері қарттардың қан қысымын өлшесе, жастар ауланы тазалап, қар қалашығын тұрғызды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 30 Желтоксан, 08:37

Бүгінде Өскемен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мекемеде 103 қарт пен 17 мүгедек азамат бар.

Қарттарды жастармен қатар, ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Сембинов құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Халқымыз айтқандай, «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» демекші, сізден үлкен құрметке лайықсыздар. Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтап, бақыт және денсаулық тілеймін», – деді Е. Сембинов.

Қарттар үйіне концерттік бағдарламамен келген жас өнепраздар аянып қалмады. Күміс көмей әншілер құлақ құрышын қандырса, жайдарманшылар әзілдерін ұсынды.





Яндекс.Метрика