Адами капитал

Жыл басынан бері ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әлеуеті бір жарым есеге ұлғайды

2015 жылы Қазақстанның Қарулы Күштерінде қабылданған барлық шаралар олардың жауынгерлік әлеуетін 1,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР ҚМ.
Казахстан29 Желтоксан , 20:26

Айта өтейік, осы жылы жұмыс 6 негізгі бағыт, яғни, жауынгерлік, жедел және жұмылдыру даярлығы, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, әскери инфрақұрылымның құрылысы, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, ҚР ҚК-дегі идеологиялық жұмыс бойынша жүргізілді.   

2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінде 170-тен аса жоспарлы тексеріс өткізілді. Оның ішінде: 71-і Құрлық әскерлерінде, 17-сі Әуе қорғанысы күштерінде, 1-еуі Әскери-теңіз күштерінде, 85-і өзгелерде өткізілді.

Келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер мен мерзімді сарбаздар санының арасалмағы өзгерді. Бүгінгі таңда армияның 80%  келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен  20% мерзімді қызметтегі сарбаздардан құралған.

Елеулі өзгерістер әскери білім беру саласын да қамтыды. Биылғы жылы әскери кафедраларда жаңа ережелер енгізілді және 26 мамандық бойынша қыз балаларды іріктеу жүргізілуде, барлық оқу орындарына қабылдау бойынша жаңа қағидалар бекітілді, жаңа психологиялық тестілер енгізілді. Одан басқа, әскери білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшіру жүзеге асырылды. Бұл үйренушілер үшін әскери тағылымдаманың көлемін 2,5 есеге арттыра түседі.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзгеріс те маңызды болып табылады. Кибершабуылдарға душар етуге қиын болып келетін техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым күрделі жүйесі енгізілуде. Сондай-ақ кадрларды даярлаудың тұтастай әрі тиімді жүйесі құрылуда.  




Яндекс.Метрика