Өңірлер

Алматы облысының пошта қызметкерлеріне 18 көлік берілді (ФОТО)

«Қазпошта» АҚ-ның Алматы облысындағы аудандық және қалалық бөлімшелеріне 18 автокөлік берілді.
Алматы 29 Желтоксан, 18:51

Алматы облыстық және Талдықорған қалалық филиалдарының бұл қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтады. Шараға «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Мұхит Кәрібаев та қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Б. Өнербаев «Лада», «УАЗ», «ВАЗ», «IVECO», «ГАЗ», «Hyundai» маркалы жаңа автокөліктердің ілтін беру салтанатына қатысты. Бұл көліктер Жамбыл, Іле, Сарқан, Кербұлақ, Райымбек, Ұйғыр, Талғар аудандарына, Талдықорған мен Текелі қалаларына бөлінетін болады.





Яндекс.Метрика