Өңірлер

Жамбыл облысында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жамбыл облысында аймақ басшысының орынбасары Е.Н.Манжуовтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жамбыл29 Желтоксан , 18:34

Жиынға облыс әкімдігінің басқармалар, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Комиссия отырысында Жуалы, Талас, Сарысу аудандарында және Меркі, Қордай аудандарындағы құқық қорғау мен Шекара бақылау бөлімшелері 2038 және 2093 әскери бөлімдерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау, пайдалану және қолдану жөніндегі жұмыс тәжірибесі қаралды.

Сонымен қатар, жиында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры А.Мыңбаев 2016 жылдың 1 қанатарынан бастап қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттары» ұлттық стандарты туралы баяндама жасады.

Жиын соңында мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік рәміздерді қолдану жөніндегі кемшіліктерді толығымен жойып, ретке келтіру бойынша тапсырма берілді.




Яндекс.Метрика