Адами капитал

Қазақстанда балалар Аяз Атаға жаңажылдық тілектерімен 3 мыңнан астам хаттар жазды

Қазпочта» АҚ «Аяз Атаға хат» науқаны бойынша хат қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды. Осы жылы қалаған адамдар науқанға қатысып, балалардың тілектерін орындай алады. Хаттардың бір бөлігі post.kz сайтының бетінде жарияланған.
Астана қаласы29 Желтоксан , 20:43

Серіктестерден тұратын комиссия хаттарды өңдеп, сыйлықтар мен Аяз Атаның құттықтау хаты еліміздің өңірлеріне жіберілді. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген компания қызметкерлері, серіктестер және БАҚ өкілдері тапсырады.

«Биылғы жылы біз балалардан рекордты хат санын қабылдадық – 3752 хат. Сыйлықтардың көбі Жаңа жылға дейін таратылады, қалғандарын 13 желтоқсан, Ескі Жаңа жылға дейін сыйлаймыз. Өкінішке орай, хаттардың 257-сі мекенжайсыз жазылып, жауапсыз қалатын болады» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

Қазпочтамен бірге, серіктестер АҚ ЕБ «Хоум Кредит Банк», «Казахинстрах» АҚ, «СИНЭК», «Samsung Electronics», «Beeline Казахстан», «OYLA» журналы, «Alina Paint» және «Henkel», сонымен қатар, өңірлердегі кіші және орта бизнес өкілдері Жаңа жыл мерекесіне орай барлық облыстық орталықтардың почтамттарында, сонымен қатар Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының «Мега» сауда, ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға хат жіберуге арналған жәшіктер орнатылды.     




Яндекс.Метрика