Инвестициялар

Астанада ШОБ жобаларын дамыту бойынша жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады

Астанада шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету және дамыту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп жаңа екі бағдарлама қолға алынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы29 Желтоксан , 19:08

«Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге бөлінді. Жоба франшиза тартумен, ритейлдік желілерді (супермаркеттер, гипермаркеттер) дамытумен және модернизациялаумен, қоғамдық тамақтану пункттерімен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

Пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 7,6% аспайды. Бір кәсіпкерге берілетін максималды сома – 200 млн. теңгеге дейін. Қазіргі кезде бағдарламаға қатысушы банктер бөлінген қаржының 60% жуығын игерді.

Екінші бағдарлама жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. «Astana – ZhasStarT» бағдарламасына 29 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады. Салалық белгілер бойынша шектеу қойылмайды, пайыздық мөлшерлемесі – 7%.

Несиенің ең көп мөлшері бір несие алушы үшін (СМСП) – 20 млн. теңге. Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап қатысушы банктер бөлінген қаржының 30% игерді.

Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру 2016 жылы жалғасын табады.




Яндекс.Метрика