Инвестициялар

2015 жылы Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 70 жуық жоба мақұлданды

Астанада 2015 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 12 млрд. теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданған.
Астана қаласы29 Желтоксан , 17:59

Биыл 2,9 млрд. теңге бөлінді (2014 жылға қарағанда өсім 38%), қаржы 100% игерілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы жалпы сомасы 84,5 млрд. теңгелік 480 жобаға қолдау көрсетілді.

Нәтижесінде қалалық кәсіпорындарда 8 мыңнан астам қазіргі жұмыс орны сақталып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды (соның ішінде 2015 жылы 500 астам), бюджет кірісіне 16 млрд. теңге салық төлемі жасалды.  

2015 жылы несие бойынша сыйақыны субсидиялауға (1-ші және 3-ші бағыттар бойынша жалпы сомасы 11,9 млрд. теңгенің 64 жобасы, несиелерді жартылай кепілдендіру бойынша 1,1 млрд. теңгенің 35 жобасы мақұлданды. Жыл қорытындысы бойынша жетіспейтін инфрақұрылымды салуға 81,8 млн. теңгенің үш жобасы келісілді. Гранттық қаржыландыру бойынша 15 млн. теңгенің 5 жобасы мақұлданды.




Яндекс.Метрика