Ұлттың денсаулығы

ҚР ММА федерациясы: Қазақстан спортшылары командалық есепте Азия чемпионатында бірінші орынды, әлем чемпионатында екінші орынды жеңіп алды

Қазақстан спортшылары командалық есепте Азия чемпионатында бірінші орынды, әлем чемпионатында екінші орынды жеңіп алды, деп ағынан жарылды Қазақстанның ММА Федерациясының президенті Анатолий Ким ОКҚ-да.
Астана қаласы29 Желтоксан , 14:56

«Жыл бойы Федерацияның жетекшілігімен әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында ірі республикалық және xалықаралық жарыстар өткізілді. Осылардың арасында Орал қаласында өткізілген III ҚР чемпионаты мен II ММА кубогын айтуға болады. Жарысқа барлық аймақтардан 200-ден астас спортшылар қатысып,Қазақстанның ММА жаңа спортшыларға толықты. Қазақстан спортшылары командалық есепте Азия чемпионатында бірінші орынды, әлем чемпионатында екінші орынды  жеңіп алды. Биылғы жылы Азия чемпионаты Тәжікстанның Худжанд қаласында өтті. Еліміздің құрамасы төрт алтын, бір күміс, бір қола еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын жеңіп алды», - деді А. Ким.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанның ММА федерациясы ағымдағы жылдың сәуір қыркүйек айлары аралығында 4 кәсіби халықаралық турнир өткізді. 

Анар  Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика