Адами капитал

Астанада 19 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанға кешенді көмек көрсетілуде

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік интеграциясына жағдай жасауға, олардың әлеуметтік статусын және өздігінен қоғамдық және отбасылық-тұрмыстық қызмет ету қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қолға алынды, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Астана қаласы29 Желтоксан , 15:57

«Бүгінгі таңда Астанада 19 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрып жатыр. Жеке оңалту бағдарламасы аясында 9 мың мүгедек кресло-арбамен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен және т.б. қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылы 1560 адам санаториялық-курорттық емдеумен, 986-ы жеке көмекші қызметімен, 280-і ым тілі маманымен қамтылды, оңалту бағдарламасы бойынша 37 адам оқытылды. Мүгедек балаларды асырап отырған 662 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді», - деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік бағдарламаларды талдау бөлімінің басшысы Айгүл Таласова.

Басқарманың мәліметінше, Астанада жайлы және қауіпсіз қозғалу үшін «Инватакси» қызметі құрылды. Бүгінде 1358 адам, соның ішінде 302 бала осы қызметті пайдаланады. Биыл Мүгедектер күніне орай 14,4 мың адамға материалдық көмек көрсетілді.

Бұдан басқа, өзгенің көмегіне мұқтаж жандарға да көмек көрсетіледі. Мүгедектердің жасы мен денсаулық жағдайына сәйкес профильденген қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін бес бөлімде және екі қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде әлеуметтік-оңалту қызметтері көрсетіледі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. Осылайша, әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стационарлық және стационарлық емес мекемелерінің құрылымданған жүйесі құрылды, соның ішінде балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, балалар медициналық-санитарлық мекеме базасында күндізгі бөлім, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін 4 бөлім.




Яндекс.Метрика