Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР-да ДСҰ-ға мүшелікке сәйкес кедендік баж салықтары оңтайландырылады

Қазақстан Республикасының ДСҰ-дағы шарттарын есепке ала отырып министрлік «0-5-12» үлгісі бойынша баж салығын оңтайландыру жолында ұсыныстар топтамасын жасақтады. Бұл туралы «Strategy2050.kz»АА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің берген жауабында айтылған.
Астана қаласы29 Желтоксан , 15:39

Кедендік – тарифтік реттеу сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттарының бірі және мемлекеттің реттеу, қолдау көрсету, бақылау бойынша бірқатар қызметін атқарады.

Кедендік-тарифтік реттеудің басты құралы кедендік баж салығының импорттық және экспорттық ставкасын қою болып табылады. Оның арқасында мемлекет сыртқы сауда айналымын реттейді.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы ағымдағы жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына ену туралы келіссөздерді аяқтады және оның толық құқылы мүшесіне айналды.

«Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 37-қадамында импорттың кедендік баж салығын «0-5-12» үлгісі бойынша ставкасын оңтайландыру міндеті атап көрсетілген. Мұндай  0%, 5% және 12% үлгі тек импорттық кедендік баж салығында ғана қолданылады, осылайша  СЭК ТН кодтарын және импорттық кедендік  баж салығы ставкасымен алла-шарғы жасаудың жолы кесіледі», - делінген хабарламада.

Бұл шаралар экономиканың дамуына қолдау көрсету мен инвестициялық климаттың тартымдылығын жасақтау қажеттілігінен туындап отыр.

Оның үстіне ҚР-ның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігінің шарттарына сәйкес барлық одақтас мемлекеттер бірдей сыртқы сауда және кеден саясатын ұстануы керек. Сондықтанда ЕАЭО-ның кедендік аумағында СЭҚ ТН мен БКТ қолданылады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика