Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2015 жылы ҚР ДСӘДМ ақпараттық-анықтама орталығының мамандары 334 мыңнан астам қазақстандықтарға қызмет көрсетті

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірегей ақпараттық-анықтама орталығына 334 мың 083 азамат хабарласқан, деп ведомстводан хабарлады.
Казахстан29 Желтоксан , 15:23

Аталып өткендей, оның ішінде телефонмен қоңырау шалғандар – 284 мың 970, бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама жібергендер – 34 мың 360-ты құраса, е-mail, web-, wаp-портал арқылы 14 мың 753 хабарлама түскен. Барлық хабарламалар бойынша қазақстандықтарға онлайн режимде толық жауап берілді.   

Естеріңізге сала кетейік, Ақпараттық-анықтама орталығы 2011 жылдан бері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық базасында жұмыс істеп келеді. Азаматтар 1411 телефон нөміріне тегін хабарласып, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап аталған сервис арқылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға онлайн-консультация қызметі көрсетіліп келеді.

Бұдан басқа, қазақстандықтар 1411 нөмірі бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықмекемесінің жұмысына қатысты шағымдарын білдіре алады.

Орталыққа республика аумағында жұмыс істейтін барлық абоненттік нөмірлер мен ұялы байланыс түрлерінен тегін қоңырау шалуға болады.    




Яндекс.Метрика