«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2015 жылы Ақтөбедегі білім нысандарының құрылысына Ұлттық қордан 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді – әкімдік

2015 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен» «Білім беру нысандарын қайта жаңарту және құрылысы» бағдарламасы аясында – 1 150 000,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, деп хабарлады Ақтөбе қаласы ІСБ.
Ақтөбе29 Желтоксан , 19:27

Мектепке дейінгі мекемелерде орын жетіспеушілігін жаппай қысқарту және оқушылар орындарын ұлғайту үшін ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен» үш білім беру нысандарының құрылысы басталды.

Айта өтейік, Кірпіш ауылында 320 орынға арналған орта мектеп құрылысына «Элитстройсервис» ЖШС – мен, Заречный – 3 ауылында 600 орынға арналған орта мектеп құрылысына «Интерстиль» ЖШС – мен, Қарғалы ауылында 320 орынға арналған бала бақша құрылысына «КазПромСтройГрупп» ЖШС - мен келісім шарт жасалды. Бұл білім нысандар пайдалануға беру 2016 жылға жоспарланған.

Бөлінген қаражаттан құрылысы 2014 жылы басталған «Нұр – Ақтөбе» ықшам ауданындағы 1200 орындыққа араналаған орта мектеп құрылысына 700 000,0 мың теңге бағытталаған болатын.

Ағымдағы жылдың 1- ші желтоқсанына берілген білім беру нысандары бойынша атқарылған құрылыс – монтаждау жұмыстары: Ақтөбе қаласы «Нұр – Ақтөбе» ықшам ауданындағы 1200 орындыққа араналаған орта мектеп – 75%; Ақтөбе қаласы Кірпіш ауылында 320 орынға арналған орта мектеп -40%; Ақтөбе қаласы Заречный – 3 ауылында 600 орынға арналған орта мектеп – 7-10%; Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылында 320 орынға арналған бала бақша – 45% құрады.

«Бұл нысандардың құрылысы қатаң қадағалауда. Тапсырыс беруші, техникалық өкіл және авторлық қадағалау тарапынан апта сайын құрылыс – монтаж жұмыстарын орындалу барысын бақылау өткізіледі. Бұдан басқа қоғам тарапынан Ақтөбе қаласы Маслихат депутаттары бақылау жүргізеді. Құрылыс барысында құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуын болдырмау үшін барлық шаралар қабылданады. Бөлінген қаражатты толық пайдалану және игеруілуіне қатаң бақылау жүргізілуде», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика