«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбеде инфрақұрылымдарды дамыту үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 329 млн теңгеден астам қаражат бөлінді – әкімдік

2015 жылы «Инженерлі – коммуникациялық инфрақұрылымды абаттандыру немесе дамыту, жобалау» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен» - 329 304,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, деп хабарлады Ақтөбе қаласы ІСБ.
Ақтөбе29 Желтоксан , 12:29

Бұл қаражат «Нұр- Ақтөбе» ықшам ауданын газбен жабдықтау үшін газ шығынын есептеуге арналған түйін құрылысы»;«Ақтөбе қаласы «Городская» ПС-тен «Батыс -2» ықшам ауданына дейін ВЛ-10 кВ резервтік желілер құрылысы» нысандар құрылысына қарастырылған, мердігер ұйым – «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС болып табылады, Қазіргі уақытта бұл нысан бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясы Актісіне қол қойылу үстінде.

Сонымен қатар, «Нұр – Ақтөбе» тұрғындар масивінде «КИК» АҚ тұрғындар кешеніне инженерлік желілер құрылысы 2016 жылы пайдалануға тапсырлуы жоспарланған. Мердігер ұйым «Актобеспецстроймонтаж» ЖШС болып табылады.

 




Яндекс.Метрика