Парламент

Келер жылды жаңа тарихымыздың жарқын бетіне айналдыруда күш-жігерімізді аямаймыз – депутат

Бүгін ҚР Парламенті депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің отырысында Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов «Елбасының "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының білікті насихатшысы, рухани тірегі болып, келер жылды да жаңа тарихымыздың жарқын бетіне айналдыруға күш-жігерімізді аянбай жұмылдырамыз», деп ағынан жарылды.
Астана қаласы29 Желтоксан , 12:11

«Бүгінгі құттықтаудың біздер үшін маңызы ерекше. Біріншіден, Елбасы өзінің құттықтауы арқылы Парламентке зор құрмет әрі сенім көрсетті. Екіншіден, тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің алдында тұрған келелі міндеттер мен айшықты мақсаттарға жаңа екпін беріп отыр. Тұңғыш Президенттің ұтымды реформаларының, орасан мемлекеттік қайраткерлік еңбегінің арқасында ұлтымыз ұзақ ғасырлар бойы армандаған, жүзжылдықтарға татырлық жаңа теңдесі жоқ жетістіктерге қол жеткіздік. Біз жаңа Қазақстан болып түледік, біздің алдымызда жаңа ұрпақ өсті. Нұрсұлтан Әбішұлы БҰҰ-ның мінберінен әлемге мемлекеттік тілімізде сөз сөйлеп, ұлттың мәртебесін көтерді. Елбасының "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының білікті насихатшысы, рухани тірегі болып, келер жылды да жаңа тарихымыздың жарқын бетіне айналдыруға күш-жігерімізді аянбай жұмылдырамыз», - деп сендірді депутат Қуаныш Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламентке құттықтау хат жолдады. Онда Елбасы бүкіл депутаттық корпус, Сенат және Мәжіліс аппараттарының қызметкерлеріне сындарлы жұмысы және мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесі үшін ризашылық білдіріп, жаңа жылмен құттықтаған. 




Яндекс.Метрика