«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбеде әлеуметтік нысандардың құрылысына 2015 жылы Ұлттық қордан 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауын іске асыру аясында, 2015 жылы Үлттық қордан әлеуметтік – маңызды нысандар құрылысы үшін – 3 979 304,0 мың теңге бөлінді, деп хабарлады Ақтөбе қаласы ІСБ.
Ақтөбе29 Желтоксан , 14:49

Ағымдағы жылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен алғаш рет несиелеу шотынан тұрғын үй құрылысына - 2 500 000,0 мың теңге қаражат көлемінде бөлінді. 

Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында маусым айында 10 блок – секциялы «Тұрғынүйқұрылысжинақ» жүйесі бойынша несиелік тұрғын үй құрылысына келісім – шарт жасалды. Олар «Нұр – Ақтөбе» ықшам ауданындағы тұрғын үйлер.

Ағымдағы жылдың 1- ші желтоқсанына берілген үж 9 қабатты үйлер бойынша құрылыс – монтаждау жұмыстары  50% – 55% орындалды. Аталмыш үйлер 2016 жылы пайдаланылуға берілетін болады.

Бұдан басқа ҚР Ұлттық қоры қаражаты есебінен ағымдағы жылы «Нұр – Ақтөбе» ықшам ауданында құрылысы 2014 жылы басталған несиелік тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта Мемлекеттік қабылдау комиссиясы туралы Актісіне қол қойылуда. Бұл тұрғын үйдің мердігер ұйымы- «Ақтөбе –Сәулет» ЖШС болып табылады.




Яндекс.Метрика