Адами капитал

Ақтөбе қаласының бір топ көпбалалы аналарына «Күміс алқа» алқасы табыс етілді

Ақтөбе қаласы әкімдігінде бір топ көпбалалы аналарды «Күміс алқа» алқасымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады қалалық ІСБ.
Ақтөбе29 Желтоксан , 12:46

Аталып өткендей, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 18 қарашадағы №116 Жарлығына сәйкес біздің Ақтөбе қаласы бойынша 5 көпбалалы аналар Үкіметтік награда «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл арынғазиева көп балалы аналарды шын жүректен құттықтап, оларға наградалар тапсырды. Ол әйелдерге және олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.

«Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 6334 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1274, «Күміс алқа» иегерлері – 1543, «Батыр ана» - 335, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі – 289, төрт және одан да көп балалылар – 2893», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика