Инфрақұрылымның дамуы

Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылына көгілдір отын тартылды (ФОТО)

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылын газбен жабдықтау жүйесі іске қосылды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Маңғыстау 29 Желтоксан, 16:49

Небәрі төрт ай ішінде облыстағы маңызды елдімекендердің бірі – Батыр ауылына газ жеткізіліп, ұзындығы 100 км астам газ құбырлары тартылды, газбен жылытылатын 6 газ станциясының (ГЖГС) құрылысы аяқталды.

Іске қосылған нысандар елді-мекеннің 35 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 7800 жеке тұрғын үйді, 98 көпқабатты үйді, 60-қа жуық әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, Батыр ауылында жүргізілетін газ құбырларының ұзындығы 226 км құрамақ. Сондай-ақ, Ұлттық оператор Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды және Таушық елді-мекендері арасында салынған жалғаушы газ құбырын іске қосты. 2012 жылдан бастап, Маңғыстау ауданының елдімекендеріне қажетті газ тұтыну көлемі ұлғайып келеді.

Жалпы, тұтынушылар саны да арттып келеді, соңғы үш жылда тұтынушылар саны 5400 абоненттен 6200–ге дейін өсті. Газ тұтыну көлемінің артуына байланысты жылыту маусымында газ тапшылығы да орын ала бастады. Енді Жыңғылды және Таушық елді-мекендері арасында салынған жалғаушы газ құбырының арқасында жылыту мерзімінде орын алатын газ тапшылығы болмайды. Ұзындығы 30 км полиэтилен құбырлардан салынған құбыр жоғары қысымды «Жетібай – Шетпе» және «Ақтау – Форт-Шевченко» газ құбырларын өзара жалғайды.





Яндекс.Метрика