Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 2015 жылдың 11 айында санвиация 2 мыңнан астам ұшырылым жасады – ҚР ДСӘДМ

Медициналық қызмет көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдың 11 айында 2020 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 281-ге немесе 14%-ға артты, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Казахстан29 Желтоксан , 13:04

Санавиация мамандары аталған мерзім ішінде 2539 медициналық қызмет көрсетті. Оның ішінде 1962 науқас тасымалданып, 441-не кеңес берілді және 136 ота жасалды.  

Астана қаласынан 557, Алматыдан 205, аймақтардан 1244 ұшақ ұшырылып, аймақаралық 14 ұшырылым жасалды.

Сонымен бірге, осы мерзімде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін тасымалданды. Бангкоктан (Тайланд) және Сеулдан (Оңтүстік Корея) – 2 ұшырылымнан, Пекиннен (Қытай), Омск, Екатеринбург қалаларынан (РФ), Кельннен (Германия), Киевтен (Украина), Бали аралынан (Индонезия) – 1 ұшырылымнан жасалды.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. 

Сонымен бірге, 2015 жылдың 11 айында санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары жол-көлік апатынан зардап шеккен 234 адамға медициналық көмек көрсетті (2014 жылдың 11 айында жол-көлік апатынан зардап шеккен 171 азаматқа медициналық көмек көрсетілген болатын).

Республика бойынша есептік кезеңде жедел медициналық көмек 136 пациентке көрсетілді, бұл жалпы көрсетілген медициналық көмектің 6% құрады. Республикалық емхана дәрігерлері 45, аймақтық мамандар 91 ота жасады.

Қазақстанда санитарлық авиация бригадаларының ұшырылымдары жыл санап артып келеді. Бұл – республиканың шалғай аймақтарындағы көмекке зәру адамдарға жедел, аса білікті, мамандандырылған және жоғарымамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін дәлелдейді. 




Яндекс.Метрика