Инвестициялар

Жыл қорытындысы: 2015 жылғы инвестиция саласындағы 4 басты оқиға

Қазақстанда 2015 жылы 7 жаңа бағыт ашылды, Астанадан Казань, Сеул, Париж, Тбилиси, Дубайға және Атыраудан Минералды Суға, сонымен қатар Алматыдан Минскке.
Астана қаласы29 Желтоксан , 11:39

ҚР ИДМ мәліметі бойынша, ашылған халықаралық бағыттар Қазақстанның ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ғарыш қызметі саласында 2015 жылы ҚР ұшқыш-ғарышкері авиация полковнигі Айдын Айымбетов «Союз ТМА – 18М» халықаралық ғарыш кемесінде ғарышқа ұшты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жерді қашықтықтан зонттау ғарыштық жүйесі жасақталды.

Ал, көлік саласында ағымдағы жылы І техникалық санаттағы 4 жолақты 890 км жол төселді. Нәтижесінде көліктердің еркін, қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, ұзындығы 421 км ірі елдімекенді айналып өтетін 24 айналма жол мен 2 асу салынды.

Бұдан басқа,  121 елдімекен қауіпсіз көлік бағытымен қамтамасыз етілді.

2015 жылы Қазақстан Жаһандық Бәсекеге қабілеттілік индексінде  «Жол сапасы» бойынша 107 орынға көтерілді.

Инновациялық салада 2015  жылы «TECH GARDEN» Алматы класстері белснедің жұмысқа кірісті. Technation бағдарламасы басталды, оның аясында стартаптарға гранттар бөлінуде. 




Яндекс.Метрика