Инфрақұрылымның дамуы

ОҚО-ның қала тұрғындағы жақын 5 жылдан 100% ауыз сумен қамтылады – әкімдік

ОҚО әкімі Б.Атамқұловтың төрағалығымен облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының таныстырылымы өтті, деп әкімдіктен хабарлады.
Южно-Казахстанская область 29 Желтоксан, 10:24

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев хабарлағандай, бағдарлама алты бағыт бойынша жүзеге асады. Яғни алдағы бесжылдықта өңірдегі қала тұрғындарын 100 пайыз, ал ауылдық елді мекеннің 80 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар үш ауысымды және апатты мектептерді жою, балабақшамен қамту 77,7%-дан 100% жеткізу жоспарланған.

Одан бөлек экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары мен мемлекеттік қызметтер сынды қамтылмақ.

 Басқарма басшысы даму бағдарламасын таныстыру кезінде облыстың негізгі бағыты ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының үлесін 5% дейін көбейтуді ұсынды.

Жиын соңында даму бағдарламасы бойынша ұсыныстар қабылданып, толықтырулар енгізе отырып, 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылатын болады.





Яндекс.Метрика