Өңірлер

Қызылорда облысында бордақылау алаңының құрылысы аяқталды

«ҚазАгроӨнім» АҚ («ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы) ағымдағы жылы экспорт үшін сиыр еті өндірісі көлемдерін ұлғайту мақсатында ірі қара малдардың өнеркәсіптік бордақылау инфрақұрылымын құруға бағытталған «3000 ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдарының құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруды бастады», деп хабарлады ҚазАгро-ның баспасөз қызметі.
Қызылорда29 Желтоксан , 10:07

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанында құрылған жұмыс тобымен өнеркәсіптік бордақылау бойынша қуаттылықтарға деген қажеттілігі бар шикізат және азықтық базаның жағдайын және аймақтың ерекшелігін ескере отырып контрагенттердің таңдауы жүргізілді.

2015 жылы осы бағдарламаға түрлі аймақтардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты: Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары. Жоғарыда аталған бағдарлама аясында іске  асырылатын  шараларды қаржыландыруға  «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ желісі бойынша 1,6 млрд.теңге бөлінді.

Бордақылау алаңы құрылысына алғашқы  қарыз алушылар қатарында «Шаған Жер» ЖШС (Қызылорда облысы) болды. Негізгі қызметі өсімдік шаруашылығы – күріш өндірісі болып табылады. Бүгінгі таңда «Шаған Жер» ЖШС бордақылау алаңының құрылысы аяқталды (пайдалануға беру актісі Мемлекеттік комиссиямен 2015 жылдың    23 желтоқсанында берілді).

Басқа объектілер бойынша бордақылау алаңдарының құрылысын аяқтақталуы – 2016 жылдың 1 жартыжылдығы.




Яндекс.Метрика