Экология

Астанада энергетикалық кәсіпорындар ауаға шығаратын зиянды заттар мөлшері 22%-ға төмендеді

Елордада атмосфераны жақсарту мақсатында орындалған жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда энергетикалық кәсіпорындардың ауа шығаратын зиянды заттар мөлшерін 22% азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлады Астананың ресми сайты.
Астана қаласы29 Желтоксан , 09:48

Жыл басынан бері ластанудың орташа индексі4,2 бірлікке жуық болды, «Қазгидромет» РМК градациясы бойынша бұл төмен көрсеткіш болып табылады. Жалпы алғанда, қалада ауа бассейнінің көрсеткіші халықтың тіршілік етуіне экологиялық қолайлы. Бұл ретте ауаның ластануының негізгі көздері көліктер, жылу энергетикалық кәсіпорындар, автономды қазандықтар мен жеке сектор болып табылады.

Ауа бассейнін жақсарту мақсатында 2015-2016 жж. арналған Астана қаласында атмосфералық ауа сапасын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. Жоспардың тармақтарының бірі «Астана-Энергия» АҚ табиғат қорғау шаралары мен көлік құралдарының ауа ластаушы заттар шығаруын бақылау болып табылады.

«Астана-Энергия» АҚ қызметінен зиянды заттардың эмиссиясын мониторингтеу жұмыстары көрсеткендей, 2015 жылдың 9 айында зиянды заттар шығару көлемі 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22% (жылына 34,7 мың тоннадан 27,2 мың тоннаға дейін) төмендеген, соның ішінде азот тотығының көлемі 19% (жылына 1,7 мың тонна) және күкірт диоксиді 21% (жылына 3,9 мың тонна) азайды.

Сонымен қатар, ЖЭО-2 күл үйіндісінің №1 ұяшығында топырақ құнарлығын техникалық және биологиялық жағынан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, ЖЭО-2 күл үйіндісінің №2 ұяшығында және ЖЭО-1 күл үйінділерінде топырақ құнарлығын техникалық жағынан қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Аталған шаралар қатты зиянды заттардың (шаңның) ауаға шығарылу көлемін 35% (жылына 2,2 мың тоннаға) азайтуға мүмкіндік берді.

2015 жылы Астана-Қарағанды және Астана-Көкшетау тас жолдарындағы бекеттерде бензинмен және дизельдік отынмен жүретін 440 автомашина тексерілді. 




Яндекс.Метрика