Өңірлер

Ақмола облысында МЖӘ аясында ауылдық Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргзілді (ФОТО)

Сандықтау ауданы Петровка ауылында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 29 Желтоксан, 09:31

Жаңа жыл қарсаңында Сандықтау ауданы Петровка ауылының тұрғындары көптен күткен сыйлықты алды. Онда 100 орынға есептелген Мәдениет үйінің ашылуы өтті.

Сандықау ауданының әкімі Асылбек Исмағамбетов ауыл тұрғындарын құттықтап, демеушілік көмек көрсеткен  «Сандықтау- Астық»ЖШС, «Балқаш»ЖШС,  «Жабай»ЖШС басшылығына алғыс білдірді.

«Сіздер өзгелерге үлгі болатындай іске мұрындық болдыңыздар. Біздің ауданымызда талантты жастар өте көп, олар осында өздерінің көңілі қалайтын бір іс табарына сенімдімін. Мәдениет үйі ол би мен ән айту ғана емес, ол халықтың қоғамдық мәдени өмірінің орталығы», - деп атап өтті ол. 





Яндекс.Метрика