Адами капитал

Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысының әкімі ардагерлермен кездесті (ФОТО)

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жаңа жыл қарсаңында ардагерлермен кездесті. Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткен дәстүрлі кездесуге облыстағы 140 ардагер қатысты, деп хабарлады аймақ әкімдгінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 29 Желтоксан, 08:56

«Тәуелсіздіктің тұғырлы, елдігіміздің баянды болуына сіздердей парасатты, зиялы қауымның зор үлесі бар деп білемін. Халқымызда «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Сіздер барда біз әлі талай биіктерді бағындырамыз. Алдағы жылымыз да табысты болсын!», – деді облыс әкімі А. Баталов ардагерлермен кездесуде.

Ардагерлерге мықты денсаулық, әулеттеріне бақ-береке тілеген аймақ басшысы Елбасының берген тапсырмаларының өңірде орындалу барысына, жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларына тоқталып өтті. Облыс орталығын көркейту шаралары, Талдықорған қаласында жуырда бой көтеретін нысандар туралы да әңгімелеп берді.

Өз кезегінде ардагерлер Мемлекет басшысына, облыс басшылығына көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін ризашылықтарын жеткізіп, жас буын өкілдерін тәрбиелеуге өз үлестерін қоса беретіндіктерін айтты.





Яндекс.Метрика