Адами капитал

Оқушыларға әскери мамандықты игеру туралы әңгімелеп берді

Алматының жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет» атты атаумен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша акция өтті. 300 оқушы мен колледждердің студенттеріне арнап әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына тұсу үшін үміткерлерді іріктеу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Алматы қаласы28 Желтоксан , 19:47

«Халық қаһарманы» майор Азамат Жұмаділов, Ауғанстандағы соғыс және Алматыдағы оқшаулы соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы майор Әбутжан Амраев оқу орындарының жоғары сынып оқушыларына әрбір адамның өз Отаны алдындағы борышы, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет өткеру, атыс қаруынан оқ ату бойынша дағды жинақтау, әскери есепке алу мамандықты меңгеру туралы айтып берді.  Сондай-ақ оқушыларға қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілдері көрсетілді.

«Бүгін біз жоғары оқу орындарына түсу үшін, лайықты әскери қызметші және өз Отанын қорғау үшін біліміміз қандай деңгейде болуы керек екенін білдік.  Біз десантшы әскери қызметшілердің көрсетпелі көрсетілімдерін көрдік және көптеген балалар армиядағы қызметке қызығушылық танытты», - деді оқушылар.

Әскери ведомстводан хабарлағандай, бүгінгі күні жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау бірнеше әскери оқу орындарында жүргізілуде. Бұл білім ошақтарының барлығы әртүрлі әскери мамандықтар бойынша оқытады және жақсы оқу-материалдық базаға ие. Атап айтсақ, ол Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің Әскери институты. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты (Алматы қ.), Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қ.).   

Бұдан басқа, келесі 2016 жылы әскери білімнің ерекшеліктерін есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшіру жүзеге асырылады және әскери жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың тізбесі кеңейтіледі.




Яндекс.Метрика