Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: азаматтардың өмір сүру деңгейін еуропалық стандартқа дейін көтеру (ФОТО)

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік жаңғырту: жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында көрсетілген нақты ұсыныстары мен тапсырмалары Қазақстанның әлеуметтік жүйесінің жаңа бейнесін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар ауқымды жаңғырту арқылы қазақстандықтардың өмір сүруінің жоғары деңгейіне жетуге ұмтылатын әлеуметтік стандарттардың жеке еуразиялық моделін жасауға тырысу да болып табылады.
Казахстан 14 Қаңтар, 00:00

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың шілде айында жарияланған «Әлеуметтік жаңғырту: жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы Үкімет жұмысының тұрақты бағдаршысы және әртүрлі саясатшылар мен сарапшылардың белсенді талқылайтын тақырыбына айналды. Себебі мақаланың кіріспе бөлімі елдегі және әлемдегі қазіргі күнгі жағдайды дәл көрсетіп, даму мен сын-қатердің негізгі трендтерін сипаттайды.
Көз алдымызды төмендеп бара жатқан Еуропадағы жағдаймен қатар жүріп жатқан дағдарыс алдындағы күту сәті қазақстандық өкімет тарапынан байқаусыз қалуы мүмкін емес. Бұл жерде ел Президенті өзінің стратегиялық ой- байлам жасайтын басшы екенін тағы да дәлелдеп берді және бұл іс жүзінде озық ойлы ойын еді. Бұл не деген сөз?
Ең алдымен, Қазақстан жаһандық қаржылық сілкіністердің өз еркінен тыс қатысушысы болған өткен бірнеше жылдың тәжірибесін қайталау туралы айтуға болады және айту  керек те. Ол кезде Қазақстан дағдарысқа қарсы өзінің бірегей стратегиясын жедел әрі нақты әзірлеп алуға мәжбүр болған еді. Онда басты назар инфрақұрылымдық даму мен бизнеске және банк секторына қолдау көрсетуге аударылды. Сол кездегі дағдарысқа қарсы бағдарламалар кейіннен дамудың жаңа бағытын таңдау барысында негіз болды. Сол жылдардың практикасы көрсеткендей, озық ойлы ойын арқылы ғана, яғни ағымдағы мәселелерді ғана шешіп қоймай, жағдай қолайлы болмаса да алға қарай шалт қимылдау арқылы қажетті нәтижеге жетуге болады.

Жарияланған әлеуметтік жаңғыртуға келетін болсақ, бұны жаңа дәуір және әлемде болып жатқан болжауы қиын оқиғалардың алдын алға тырысудың кезекті қадамы және өзінің әлеуметтік қалқанын құру ниеті деп түсінуге болады. Екінші жағынан, Қазақстан мен қазақстандықтар мемлекет пен қоғамның тағы бір, мүлдем жаңа әлеуметтік қарым-қатынасының форматына ие болатын болады.

«Қазір әлем қаржылық дағдарыстың жаңа толқыны алдында тұр, бұл, көптеген экономистердің пікірінше, біраз елдерді шарпып өтіп, адамзатты өз жолын қайта таңдау фактісі алдына алып келеді. Мемлекет басшысы ұсынған идея өте уақытылы және дағдарыстың біздің елімізге әкелер зардабын барынша азайтуға бағытталған. «Еңбегі жоқтың өнбегі жоқ», – дейді қазақ. 1930-жылдардағы дағдарыстың басында Америка президенті Франклин Рузвельт те еңбек етуге шақырды. Еңбек культі Қытайды әлемнің екінші экономикасына айналдырды», - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сейдин.

Президенттік тапсырманың дәл осылай – мақала жариялау арқылы - қойылу ерекшелігі туралы айтар болсақ,  неге және не үшін олай істелгенін түсіну өте маңызды.

Біріншіден, Президенттің қаңтардағы елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға арналған Жолдауы алға қойға мақсаттарға жету үшін жасалуы тиіс жаңа бағытты түсінікті тілмен және нақты сипаттайды. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаудың жүзеге асырылуына  өзінің көңілі толмайтынын білдіруі – атқарушы өкіметтің өз жұмысын жандандыруының бірінші хабаршысы деуге болады. Ол үшін Елбасы әлеуметтік жаңғыртудың негізі бола алатын нақты  шаралар жүйесі  мен шешімдерді ұсынады.

Екіншіден, міндеттер тізімін жариялау дегеніміз – барлық қазақстандықтарға арналған тікелей жолдаудың тағы бір түрі, өйткені әлеуметтік жаңғыртудың өзі  де осы мақсатты аудиторияға арналған. Олардың тікелей қатысуынсыз еліміз өзінің әлеуметтік дамуының жаңа әрі өте қажетті шекарасынан аттап өте алмайды.

Үшіншіден, осындай ауқымды мақсаттарды көпшілікке жариялау сипатының өзі Президенттің Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртуға ерекше көзқарасын және оның болашағынан көп үміт күтетінін көрсетеді.

«Қазақстан көптеген параметрлер бойынша өзінің Орталық Азиядағы ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық интеграциялық үрдіс бойынша серіктестерін де, атап айтсақ, Белоруссияны басып озды», - дейді М.В.Ломоносов атындағы ММУ Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үрдістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Алексей Власов.

«Қазір тек ТМД елдері ғана емес, болашақ Еуразия одағындағы әлеуметтік жаңғырту туралы сөз қозғау анағұрлым нақтырақ болады, себебі біз Еуразия одағын құруды үлкен жоба ретінде қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік саясат бұл жобаның маңызды құрамдас бөлігі болуы қажет. Қалай болғанда да, экономикаларды  синхрондау дегеніміздің өзі әлеуметтік жүйені синхрондау болып табылады», - деп есептейді «Солтүстік - Оңтүстік» Саяси орталығы атқарушы директорының орынбасары Юлия Якушева.

Сарапшылардың объективті пікірлері дамудың тағы бір ықтималды бағытын – еуразиялық бірігудің бірыңғай әлеуметтік жүйесін көрсетіп қана  қоймай, оны дамытудың көшбасшысы және жаңа идеялардың генераторы Қазақстан болуы мүмкін екендігін де дәлелдейді. Оның үстіне, ұлттық экономикаларды нығайту мәселесін шешу үшін  экономикалық әлеуеттерді біріктіру және сауда қарым-қатынастарын оңайлату мысалын ұлттық әлеуметтік жүйелердің алдында тұрған сұрақтарды шешуде де қолдануға болады. Енді бірыңғай еуразиялық жоба  шеңберінде еуразиялық өмір сүру сапасы стандартын қалыптастыруға болады. Сол еуропалық әлеуметтік стандарт мысалында. Міне, Президент Нұрсұлтан Назарбаев та осы туралы айтты.





Яндекс.Метрика