EXPO-2017

ЭКСПО көрмесі нысандарының құрылысына 8 мыңға жуық адам тартылған

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдерімен жұмыс кеңесі болып өтті, деп хабарлады ұлттық компаниядан.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 18:06

Аталған кездесу шеңберінде Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдерімен меморандумдарға, сондай-ақ аталған үш өңірдің тауарөндірушілерімен шарттарға және меморандумдарға қол қойылды.

Облыс әкімдіктері мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында «Отандық тауарөндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылысына тарту туралы» Меморандумдарға қол қойылды. Құжат жергілікті кәсіпкерлерге шынайы қолдау болу үшін жасалған.

«Бүгін біз өңірлермен әріптестік туралы Меморандумдарға қол қоямыз. Осылайша біз мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлерді  ЭКСПО нысандарының құрылысына тарту жөніндегі тапсырмасын орындадық. Осының нәтижесінде Қазақстанның әрбір өңірінде жаңа жұмыс орындары ашылды деуге болады. Меморандумдар аясында барлығы 232 шартқа қол қойылды, бұл ретте 32 млрд. теңгеден астам сомаға жеткізілімдер орындалды. Сол сияқты отандық бизнес субъектілерімен 15 млрд. теңгеден астам сомаға жұмыстар орындалып, қызметтер көрсетілді» - деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы А.Есімов кеңес барысында .

Айта өтейік, ұлттық компания  Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Жалпы, ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бас мердігер ұйымдары болып 232 отандық тауарөндірушілер тартылды және жалпы сомасы 31,754 млрд. теңгеге шарттар жасалды.

«Бүгінде ЭКСПО құрылыс алаңдарында көрме кешенінің барлық павильондары бойынша нөлдік циклдегі монолитті темір бетон жұмыстарының (паркингтердің) құрылысы бойынша жұмыстар 100 % көлемде аяқталды. Ғимарат каркастарының металл конструкцияларын монтаждау 81 %-ға орындалды. Ұйымдастырушының кеңсесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. «Энергияны зерттеу орталығында» нөлдік цикл жұмыстары тәмамдалды. Ғимарат каркасының металл конструкциясын және шатыр мен қасбеттің негізін монтаждау жүргізілуде. Бүкіл ЭКСПО аумағы бойынша инженерлік желілерді салу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Құрылысқа барлығы 7 421 адам және 444 техника бірлігі тартылған. Жалпы алғанда жобаларды қайта қарағаннан кейін құрылыс 78 миллиард теңгеге арзандады. 




Яндекс.Метрика