Ұлттың денсаулығы

Л.Пак: ҚҰФ тізіміне клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар енгізілді

Қазақстанда Ұлттық дәрілік формулярға (әрі қарай - ҚҰФ) клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар енгізілді, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы Лариса Пак ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 17:26

«Формулярды жасау барысында ең үздік халықаралық тәжірибенің, фармакотерапияны жүргізудің дәлелді негізделген тәсілдері, клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік заттарды тұтыну дәрежесін зерттеу мәліметтері, әрбір ауруды емдеу курсының бағасы туралы ақпарат қолданылды. Құжатты дайындауға Дүниежүзілік Банк сарапшылары, әлемде «алтын стандарт» болып есептелетін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының модельдік формуляры – Британ ұлттық дәрілік формулярын құраушы Дункан Энрайт, сонымен бірге, Еуропа, Австралия және Қазақстанның ең үздік мамандары қатысты», - деді Лариса Пак.

Оның атуынша, ҚҰФ бәсекелестік ортаны кеңейтуге, дәрілік заттарды сатып алудағы қаржылық адалдықты, сонымен қатар, дәрілік қамтамасыз етудің пациентке бағдарланған моделі негізінде препараттарды таңдау мүмкіндігін береді.

«Осылайша, ол тек дәрігерлер үшін ғана емес, еліміздің барлық азаматтары үшін ауқымды анықтамалық болмақ. Сондай-ақ, ол әрбір медициналық ұйымға өзінің дәрілік формулярын құруға, дәрілердің бағасы мен бағдарына қарай бюджетті дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі», - деп атап өтті Лариса Пак. 

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика