Ұлттың денсаулығы

Ұлттық дәрілік заттардың формулярына шектік бағасы анықталған 2842 препарат енгізілді

Дәрілік заттардың мемлекеттік реестрінде шектік бағасы анықталған дәрілік заттардың 2842 атауы енгізілді, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы Лариса Пак.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 17:14

«Қазіргі таңда ҚР ДСӘДМ мамандары референтті баға белгілеу қағидаларына сай 3 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын саралады, аталған бағаларды арзандату бойынша фармөндірушілермен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде дәрілік заттардың 2842 бағасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 239 бағасы тіркелді. Ол 2015 жылдағы бағамен салыстырғанда 10%-дан 50%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады Лариса Пак.

Бүгінде ҚҰФ-қа 616 халықаралық патенттелген дәрілік заттардың атаулары, сонымен бірге, Дәрілік заттардың мемлекеттік реестрінде шектік бағасы анықталған дәрілік заттардың 2842 атауы енгізілді. 

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика