Инвестициялар

Елордалық әуежайда қалдықтарды өңдеу зауыты салынады

Мемлекеттік әуежайларды басқаратын "Airport Management Group"компаниясы мен аргентиналық «Global Pro» компаниясы Базель конвенциясының Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық арқылы тасымалдауды бақылау және оларды жою туралы белгіленген шарттарына сәйкес, Астана халықаралық әуежайында қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын салу бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп компаниядан хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 18:41

«Global Pro» компаниясының инвестиция салу туралы ниеті Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «Астана ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың 2015 жылы қыркүйек айында Аргентина мемлекетіне іссапары кезінде белгілі болды. Инвестицияның жалпы құны $ 10 млн құрайды», - делінген хабарламада.

Жобаның негізгі мақсаты – әуежайдың қалдықтарын өңдейтін кешенді зауыт салу. Зауыт қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауда барынша  азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік әсер беретін жаңа экологиялық орнықты, экономикасы табысты бизнес бірлігін қалыптастыруға және әуежайда зоотехникалық-фитосанитариялық тосқауыл орнатуға жағдай туғызады. 

Әуежай терминалындағы барлық қалдықтардың қайта өңделуі нәтижесінде ЭКО әуежайы қалыптасып, 1 МВт-ке тең электр қуатын алуға мүмкіншілік пайда болады. Жоба жүзеге асқан жағдайда, қалдықтарды өндіру арқылы электр қуатын шығару  технологиясының моделі қалыптасады.  

«Airport Management Group» компаниясының басқарма басшысы Клод Баданның айтуынша, аталмыш зауыт құрылысы Астана әуежайына жаңа технологиялар мен «Жасыл әуежай» идеясын  іске асыратын Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей жобаға айналуы мүмкін.

Өз кезегінде Аргентина компаниясы «Global Pro» өкілдері, 2017 жылы 10 маусым -10 қыркүйекте Астанада қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне «жасыл технология» бойынша өздерінің соңғы жобаларын көрсететіндігін мәлімдеді.




Яндекс.Метрика