Ұлтаралық бірлік

Е.Тоғжанов: 2015 жылы Қазақстанда барлық достық үйлерінің құрылысы аяқталды

2015 жылы еліміздегі барлық Достық үйлерінің құрылысы аяқталды, сонымен қатар 1722 ҚХА қоғамдық келісім кеңесі құрылды, деп хабарлады ҚХА төрағасының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 16:37

«ҚХА жылының іс-шараларын ұйымдастырып, өткізуге елдің барлық азаматтарын, азаматтық қоғам институттарын, мемлекеттік органдарды тарту қамтамасыз етілді. Елдің 5426 елді мекенінде 9,5 миллионнан астам адам қатысқан 30 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Барлық қалаларда, облыс және аудан орталықтарында, шалғай ауылдарда ҚХА жылының жалауы бір мезгілде көтерілді», - деді Е.Тоғжанов.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында 16 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылған.

«Сондай-ақ биыл шетелде ҚХА-ның ірі 7 іс-шарасы, елде 10 халықаралық жиын өтті. Бұл іс-шараларға 40-қа жуық халықаралық сарапшы қатысты. Ресей халықтары Ассамблеясымен келісім жасалып, Лондондағы бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық орталығымен өзара түсіністік меморандумы, Испанияның бейбітшілік пен дау-жанжалдар институтымен медиация мәселелері бойынша ниет хаттамасына қол қойылды», - дейді ҚХА төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша  2015 жылы еліміздегі  барлық Достық үйлерінің құрылысы аяқталды, сонымен қатар 1722 ҚХА қоғамдық келісім кеңесі  құрылды.




Яндекс.Метрика