Өңірлер

Алматы облысында жолаушылар көпірі пайдаланылуға берілді

Қарасай ауданының Қаскелең қаласында облыс әкімі Амандық Баталов Сүлеймен Демирел атындағы университеттің (SDU) маңында салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің ашылуына қатысты, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Алматы 28 Желтоксан, 17:49

2014 жылы университет қабырғасында облыс әкімінің студенттермен кездесуі барысында оқытушылар мен студенттер тарапынан айтылған өтініш бойынша салынған көпір.

Осы ретте, құрылысшылар көпірді белгіленген уақыты 2016 жыл болғанымен, облыс басшысының талап-тілегіне орай мерзімінен бұрын – Жаңа жыл қарсаңында аяқтады.

Ұзындығы 22 метр, ені 8 метр, екі лифтісі бар көпір құрылысына бюджеттен 113, 1 млн. теңге бөлінген.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырыс беруімен «Алматы Жоба» ЖШС жобасын әзірледі. Техникалық қадағалау жүргізген «Алматы сапа инжиниринг» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қыркүйек айында басталған. Осы аз ғана мерзім ішінде құрылысы аяқталып, көпір пайдалануға беріліп отыр.





Яндекс.Метрика