Ұлтаралық бірлік

ҚХА қорытындысы: 2015 жылы 40 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді меңгерді

Қазақстан халқы ассамблеясы жылы аясында мемлекеттік тілді 44 мың бала меңгерді, деп хабарлады ҚХА төрағасының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 15:37

«2015 жыл ҚХА жылы ғана емес, ол ең алдымен бірліктің, елдіктің жылы, Тәуелсіздігімізді нығайтатын ерекше жыл болды. ҚХА жылының шараларын өткізуді ұйымдастыруға  барша ел азаматтарын, азаматтық қоғам институттарын, барлық мекемелерді, мемлекеттік органдарды жұмылдыру қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, биыл Қазақстандағы этностар үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болды. Жалпыұлттық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында 235 мың баланың қатысуымен 7 863 шара өткізілді. 44 мың бала мемлекеттік тілді толық меңгеріп шықты»,-деді Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар «Қамқор» акциясы барысында аз қамтылған отбасылар 413 млн. теңге көлемінде көмек алды. «Менің Қазақстаным»  акциясына 920 мыңнан астам адам қатысып, 50 мыңнан астамы медициналық көмек алды.




Яндекс.Метрика