Инвестициялар

Астанада 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 16%-ға артты – әкім

Астана қаласында 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 16%-ға артты, деп мәлімдеді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков 2015 жылдың басты қорытындылары шығарылған аппарат отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 18:57

Елорда әкімі атап өткендей, Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5,4 % өсіп, 273,9 млрд. теңгені құрады, бұған өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндірудің 5,7 % ұлғаюысептігінтигізді. Төрт ірі өнеркәсіптік зауыт ашылды.

2015 жылы елордада 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 1,6 есе артық. Төрт мектептің, жеті балабақшаның және бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 

Сонымен қатар, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі4,6% дейін төмендеді. Бұл еліміздегі үздік көрсеткіш. Сонымен қатар, салық салу базасының ұлғаюы, шағын және орта бизнес саласының дамуы және т.б. атап көрсетілді.

«Алдағы жылы қаланың даму қарқынын тоқтатпауға күш салу керек», - деді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков. Қала басшысы бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуына қарамастан міндеттерді бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы шешіп, барлық көрсеткіштерді сақтап қалу керек екендігін жеткізді. «Инвестициялар тарту және кәсіпкерлерге жағдай жасау – келер жылдың басты міндеті», -деді елорда әкімі. Бұл ретте тек шетелдік инвесторлармен ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен отандық кәсіпкерлермен жұмыс істеу керек.

Абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері басты күн сайынғы міндеттер болып қалады, деді Ә. Жақсыбеков.

Отырыс соңында қала әкімі барлық қалалық қызметтердің жұмыскерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Астана мен оның тұрғындарының игілігі үшін атқарған жұмыстарында табыс тіледі. 




Яндекс.Метрика