Парламент

ТҚЖБ салымшыларын өтемақымен қамту үшін Үкімет резервінен 36 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің салымына қатысты өтемақыны қамту қарастырылады. Бұл ретте Үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд, 2017 жылы 16 млрд теңге бөлу көзделіп отыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 13:25

«Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында 2016-2018  жылдары жалға берілетін, 817 мың шаршы метрді құрайтын 13 600 пәтер салынады немесе сатып алынады», - деп мәлімдеді ҰЭМ басшысы.

Бұдан басқа, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің салымына қатысты өтемақыны қамту қарастырылады. Бұл ретте Үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд, 2017 жылы 16 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

«Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылысы саласында үлестік салымдарды кепілдендіру қорын құру мақсатында «Бәйтерек» холдингінің жарғылық капиталы он миллиард теңгеге артады», -  деді Е. Досаев. 

 Индира Кауметова




Яндекс.Метрика