Басқару

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 78 млрд теңгенің активі сатылды – ҚР Қаржы министрлігі

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 78 млрд теңгеге 235 актив сатылды, осы ретте республикалық бюджет 7,6 млрд теңге көлемінде табысқа кенелді, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 13:16

«Жекешелендірудің екінші толқынының негізгі қозғаушы күші кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын азайту, жекеменшік секторды қолдау және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төмендету және олардың сапасын арттыру, сондай-ақ бюджет шығынын төмендету мақсатында бәсекелестікті дамыту болды», - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, жекешелендірудің екінші толқыны аясында 78 млрд теңгеге 235 актив сатылды, осы ретте республикалық бюджет  7,6 млрд теңге көлемінде табысқа кенелді. Шамамен 20 млрд теңге 107 коммуналды меншік есебінен жергілікті бюджетке түсті.

«Ұлттық холдингтер бәсекеге қабілетті ортаға 43 нысанды жіберу арқылы 138 млрд теңге тапса, ұлттық компаниялар  3 млрд теңге көлемінде пайда түсірді», - деді Б. Сұлтанов.




Яндекс.Метрика